Тәуелсіздік күніне орай облыс орталығы – Тараз қаласында заманауи «Жамбыл» бокс орталығы салтанатты түрде пайдалануға берілді.
Лента қию рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, сондай-ақ спорт саласының ардагерлері мен жанашырлары қатысты.
Салтанатты шара барысында қонақтар орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, бапкерлер мен спортшылардың дайындық барысы жөнінде пікір алмасты.
Жаңа бокс орталығы спортшылардың толыққанды әрі үздіксіз жаттығу жүргізуіне қажетті барлық жағдаймен жабдықталған. Алдағы уақытта орталық базасында Жамбыл облысының құрама командасы тұрақты түрде оқу-жаттығу жиындарын өткізетін болады.