2026 жылдың 21 қаңтарында Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ-ның бастамасымен жыл сайынғы дәстүрлі игі іс биыл да өз жалғасын тапты. Белсенді жастар «Жасыл Тараз» мекемесінің қызметкерлеріне ыстық шай, бәліш және тәттілер таратып, таңғы мезгілдегі еңбектеріне өз қолдауларын білдірді.
Акцияның басты мақсаты – таңғы ұйқысын бөліп, қаламыздың көркеюі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандарға қыстың қатулы күндерінде жылулық сыйлау. Осындай игі істер арқылы біз барлық жастарды мейірімділікке, жанашырлыққа және жақсылық жасауға шақырамыз.
Сонымен қатар, акцияға қатысқан жастар өз аттарынан «Жасыл Тараз» қызметкерлеріне қаламыздың тазалығы мен көркі үшін атқарып жүрген адал еңбектері үшін шынайы алғыстарын білдіреді. Сіздердің еңбектеріңіз – баршаға үлгі.
Жақсылық жасау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.