3 жылда 24 мың студент оқудан шығарылған

0 3

Олардың оқуына 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалып, кері өндірілмеген. Бұл жөнінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин мәлімдеді.

— 2022–2024 жылдары шамамен 24 мың студент оқудан шығарылған, олардың оқуына 19,6 млрд теңге жұмсалған. Соның ішінде 10 мың студент бойынша жүйеде пайдаланылған гранттар сомасы туралы мәлімет мүлдем жоқ, — деді ол.

Бұдан бөлек, Тілеген Каскин оқудан шығарылған студенттер бойынша қаражатты қайтарудың толыққанды тетігі жоқтығын атап өтті.

— Сонымен қатар, міндетті жұмыспен өтеуден жалтарудың магистратураға түсіп, кейін оқудан шығу арқылы жүзеге асырылатын қосымша схемасы да қалыптасқан. Тек осы санат бойынша мемлекетке келтірілген болжамды залал 10,8 млрд теңгеге бағаланады, — деді Жоғары аудиторлық палата мүшесі.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде жеткілікті маман даярланбай отырған аса маңызды сегіз сала анықталғанын жазғанбыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.