БАҚ өкілдері арасындағы республикалық турнирдің кезекті ойыны «Хабар» мен Түркістан облысы командалары арасында өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
1-ші тайм 2:1 есебімен «Хабар» командасының пайдасына шешілді. «Хабар» командасының екі ойыншысы Нұрсұлтан Қабылбек мен Шыңғыс Ергалиев өз командасына 2 ұпай алып берді. Түркістан облысынан келген команда ойыншысы Қайсар Алпысбай 2-таймның 3-минутында «сары қағаз» алды.