Таразда криминалдық полиция қызметкерлері адам жәбірлегені үшін сотталды

0 0

Тараз қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру бөлімшесінің бастығы мен жедел өкілі адам жәбірлегені үшін сотталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны С. Бейсекеевке және аталмыш бөлімнің жедел өкілі, полиция лейтенанты А. Құдайбергеновке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізген еді.

Бейсекеев пен Құдайбергенов өзара алдын ала келісіп, қылмыстық істің куәгерін мойындату үшін оны жәбірлеген.

29 шілде күні Тараз қаласының №2 сотының үкіміне сәйкес, Бейсекеев пен Құдайбергеновті 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сотталушылар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

Сотталушыларға 3 жылға дейін қандай да бір лауазым атқаруға және белгілі бір іспен айналысу тыйым салынды, сондай-ақ, олар арнайы «капитан» және «лейтенант» лауазымдарынан айырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.