Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық пәндері бойынша оқыту» тақырыбында секция отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Іс-шараға Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагері, запастағы полковник Мадияр Байжановы, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән мұғалімдері қатысты.
Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытында жемісті еңбек етіп жүрген бір қатар мұғалімдер мен мамандар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Республикалық «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы», «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының», «Ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының» құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.