Жамбыл облысында Білім басқармасының баланың құқығын қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен №12 мектеп-гимназиясында «Бала және оның өмір сүру сапасына заманауи көзқарас» атты баланың құқықтарын қорғау бойынша секциялық отырыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Отырыстың мақсаты – Жанұя қолайсыздығын ерте анықтау мақсатында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілігін, технологияларын және жұмыс әдістерін арттыру.
Секция отырысында тақырып бойынша баяндамалар оқылып, қорытынды бойынша ұсынымдар қабылданды.
Іс-шарада облыстық жасөспірімдер үйінің педагог-психологы, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешілері, Тараз қаласы мен Жамбыл аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің мамандары Алғыс хаттармен, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы құрмет грамотасымен марапатталды.