Талас ауданында «Адалдық сағаты» өтті

0
149

Талас ауданы Қаратау қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тікелей бастамасымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясында жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев қатысып, «Адалдық сағатының» мақсатын, яғни өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын, рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық мінез-құлық тәрбиелеу болып табылатынын айтты.

Облыс көлемінде 30-дан аса білім мекемелерінде осындай бірыңғай «Адалдық сағаттары» өткізілді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here