Бүгін Тараз қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған қала активі жиналысы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews»АА
Жиналысқа Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қаласы бойынша ақпараттық топтың жетекшісі Бекболат Орынбеков, Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық, қалалық ақпараттық топтардың мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық – мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Маңызды құжатта көрсетілген бағыттар мен берілген тапсырмалар жөнінде қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай баяндама жасады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, облыстық ақпараттық топтың мүшесі Ержан Әмірбекұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облыстық филиалының директоры Бақытжан Исақов, «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанаділ Оспанов, «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директоры Әбдіманат Еспаев, «Освобождение Юг» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Бекжанов Жолдаудың бағыттарын жан -жақты түсіндіріп, өз ойларын ортаға салды.
— Алда бірлесіп істейтін қыруар жұмыстар күтіп тұр. Біздің міндетіміз — Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды мерзімінде орындау. Қазіргі қалыптасқан жағдайда бар-күш жігерімізді Президент Жолдауында белгілеген міндеттерді іске асыруға жұмсайық. Баршаңызды нәтижелі жұмыс атқаруға шақырамын, — деді қала әкімінің орынбасары актив жиынында.