Жуалылықтар Жолдауға қолдау білдірді

0 0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған актив жиналысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып, Жолдаудың еліміздің дамуындағы маңызы мен басым бағыттарына тоқтала келе, сөзді облыстық ақпараттық топ мүшесі, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Мейрамбек Төлепбергенге берді.
Мейрамбек Мылтықбайұлы өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандық қоғам дамуының бүгінгі жай-күйін дәл бейнелейтін құжат болып отырғанын, онда барлық салалардың қамтылғанын, әсіресе білім беру, әлеуметтік салалардың проблемалары орынды көтерілгенін айтты. Мысалы — жоғары оқу орындарында жалған диплом сату мәселесінің өршіп тұрғанын, темір жол билеттеріне қолдан жасалып отырған тапшылық, ұшақ билеттерінің негізсіз қымбатау мәселелерінің қозғалуы.

Жарыссөзге шыққан «Зылиха» шаруа қожалығының төрағасы Керімқұл Бегалиев, № 1 мектеп-гимназияның директоры Эльмира Әбішева, «Білімді ұрпақ» білім беру орталығының директоры Нұрила Мәлібекова Жолдауда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында алға қойылған міндеттерінің өміршең екенін, жылдың басты құжатын барша жуалылықтардың қолдайтынын еткізді. Онда алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.