Талас ауданында 2019 жылдың 1 қыркүйекке кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1701 адамды құрады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиев айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Бағдарлама аясында Қаратау қаласында жалпы ауданы 27 752 шаршы метрді құрайтын 440 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен берілуде.
3 мөлтек ауданы №49, 51 және 5 мөлтек аудандағы №51, 52, 55, 58 тұрғын үйлерді қайта жаңғыртуға және инфрақұрылымды қайта құруға 2018 жылға 870 млн. 408 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, қаладағы бос тұрған 3 көпқабатты тұрғын үйлер коммуналдық меншікке алынып, аудандық бюджеттен 14 млн. 910 мың теңге бөлініп, екі үйлердің жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасына 629 млн. 198 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылып, бір үйдің жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Айта кетейік, 5 мөлтек аудандағы №26 үй-55 пәтерлі, жоба құны 341 млн. 277 мың теңге және 3 мөлтек аудандағы №22 үй-60 пәтерлі, жоба құны 287 млн. 921 мың теңге, сондай-ақ 3 мөлтек ауданы №17 үй- 64 пәтерлі, барлығы 179 пәтер.
Бүгінгі күнге көп балалы немесе жағдайы төмен отбасыларды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданы №3 және №4 жатақханалары Талас аудандық сотының шешімімен ағымдағы жылдың сәуір айында коммуналдық меншікке алынып, қайта жаңғырту жұмыстарына 504 млн. 484 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттама жасалынып, 3 мөлтек ауданы №3 жатақхана мемлекеттік сараптамадан өтті.