Жамбыл облысында «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасының Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы арнайы бағыты аясында Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Сыйға тартқан домбыра» акциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Шараның мақсаты өскелең ұрпаққа домбыра аспабын насихаттау, күй құдіретін сезіндіру. Шара барысында сынып сағаттары, күй тартыс ұйымдастырылды.
Жерлесіміз, күйші, композитор, Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін мектеп оқушылары орындап, «Шабыт» би тобы «Домбыра» биін биледі. Мектеп оқушылары аталған акцияға белсене атсалысты.