Тараздағы жазасын өтеушілер нәпақа тауып, отбасын асырауда

0 6

Тараз қаласында түзеу мекемелерінде еңбек терапиясы қолға алынуда. Сол арқылы абақтыдағылар нәпақа тауып отбасын асырап отыр, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ал бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге де тиімді. Қайталанбас қолөнер туындылары, арзанқол жұмыс күші, сапалы тауар.

Бұл үрдіс Жамбыл облысындағы ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінде де бастау алған. Бүгінде мекеме аумағында 12 жеке кәсіпкерлік жүйелі жұмыс істеп отыр. Онда сотталғандардың 90 пайыз тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың дені әр түрлі өнім шығарар өндірістік бағытта болса, көбіне шикізат ретінде ағашты қолданады.

«Ағаш өнімдерінің жануға бейім бірден-бір материал екендігін ескерсек, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан арнайы жиындар өткізіп, тиісті сала мамандары, техникалық қауіпсіздік шараларын түсіндіру үстінде. Төтенше жағдайлардың алдын алып, тілсіз жаудан сақтану мақсатында сотталған жеке кәсіпкерлерді өндірістік аумақтарын мықтап қамдауға шақырудамыз»,-дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Алмазбек Азизбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.