2019 жылдың 16 қазанынан «Арбат» жаяу жүргіншілер кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты, Төле би даңғылының Байзақ батыр көшесі мен С. Аққозиев көшесі аралығы жолаушы көліктерінің қатынасы үшін жабылатын болады.
Осыған орай, жолаушы бағыттарының жүру схемалары төмендегідей өзгертіліп, қатынайды:
— № 23 автобус бағыты Пушкин көшесінен Байтасов көшесі арқылы Асқаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 47 автобус бағыты Төле би даңғылынан Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесі арқылы А.Асқаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 13, №14, №19, №27, №46, №56 автобус бағыттары Төле би даңғылынан Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Төле би даңғылымен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 41, №6, №7, №33, № 36, №37, №54, №57 автобус бағыттары Пушкин көшесінен Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Төле би даңғылы немесе Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 9, №16, №20, №55 автобус бағыттары Төле би даңғылынан Байзақ батыр көшесіне, Ташкент көшесі арқылы Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 15 автобус бағыты Байзақ батыр көшесінен Төле би даңғылына, Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
— № 4, №34, №42 автобус бағыттары Аққозиев көшесінен Төле би даңғылына әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.