Аудан әкімі тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

0 4

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 81 жылдығы кеңінен аталып өтілуде.
Мереке күнінде аудан әкімі Сәкен Мамытов соғыс жылдары тылда еңбек еткен Тыл ардагерлері Сахыұлы Сарыпбек пен Ермекбай Ақылбековтың үйлеріне арнайы барып, құттықтады. Аудан басшысымен бірге аудан прокурорының орынбасары Досымхан Айнабекұлы, аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, қалалық билер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ахан Шортанбай, қала әкімі Ильяс Домалақов, Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Уксикбаев қатысты.
Аудан басшысы Тыл еңбеккерлеріне соғысқа аттанғандарға қолдау көрсетіп, тылда тізе бүкпей қажырлы еңбек еткендері үшін алғысын айтып, сый- сияпат жасады. Еңбек майданындағы істері кейінгі ұрпаққа өнеге екендігін жеткізіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Тыл ардагерлеріне құрмет – кейінгі ұрпақтың алғысының белгісі және тарих алдындағы борышын өтеудің бір көрінісі.
Аталмыш шара барлық ауылдық округтерде жалғасын табуда. Аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері Тыл ардагерлерін мерекемен құттықтауда. Бүгінде ауданда 30 Тыл ардагері қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.