Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасындағы пайда болған мәселелерге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында семинарлар өткізді, оған Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы және оған қарасты «Тараз-Туризм» ақпараттық туристтік орталығы» КММ өкілдері қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы туристтік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Жамбыл облысында туристтік әлеует қарыштап дамуда. Сонымен қатар Жамбылдық аталмыш саланы қалыптастыру үрдісінде өңір аумағына туристтердің келуіне, соның ішінде көші-қон тұрғысына қатысты мәселелер пайда болуда.
Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Турдалиев, облыс ПД сыртқы көші-қон бөлімінің бастығы Даурен Рыспамбетов және КҚҚБ инспекторы Айдос Данегуловтар семинар спикерлері ретінде сөз сөйледі.
Кездесу барысында туристтік сала қызметкерлері көші-қон қызметінің мамандарынан өздерін мазалаған көптеген сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар алды.