Асқар Мырзахметов Полиция департаментінің 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есебін тыңдады

0 2

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстық Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есебін тыңдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Есеп беру кезеңінде тіркелген құқық бұзушылықтың саны 12,3%-ға төмендесе, ал әр түрлі қылмыстардың жолын кесуде біршама төмен көрсеткіштерге қол жеткізілді. Оның ішінде, пәтер ұрлығы 37,4%-ға, кісі өлтіру 28,9%-ға, қарақшылық 27,8%-ға, тонау 24,7%-ға қысқарды. Аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 01,8%-ға, ауыр қылмыстар – 85,3%-ға жақсарған.

Түйінді мәселелер қатарында Арман Оразалиев ауылдық өңірлерде мектеп инспекторларының жетіспеушілігі, балалар психолыгының кәсіби деңгейінің төмендігін, облыс жолдарындағы жүргізушілердің тәртібін атап өтті. Сонымен қатар қаладағы қайта жөндеуден өткен саябақтарды бұзу, қирату көріністерінің жиіленіп, қоғамдық орындарды пайдалану мәдениетіндегі кемшіліктерді де тілге тиек етті.

Өз кезегінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жұмысты жүйелендіруге, әкімшілік істер бойынша айыппұлдарды қатаңдатуға назар аударуға шақырды. Мәселен, кәмелеттік жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының лицензиясын тартып алуды ұсынды. Жол ережесін бұзушыларды лауазымы мен қызметіне қарамастан қатаң жазалауға тапсырды. Вандализмдік әрекеттермен ешқандай келісімсіз күресуді, экологиялық және табиғатты қорғау мәселелеріне баса назар аударды атап өтті.

Жалпы айтқанда, Асқар Исабекұлы 9 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесін тыңдай келе, құқық қорғау органдарында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тиісті деңгейде деп бағалады. Алайда, алдағы уақытта да шешімін табар келелі мәселер мен атқарылар шаруалардың аз еместігін, қоғамдағы тәртіпті сақтау және тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету ортақ мақсатымыз екендігін айтты.

Жиын соңында аймақ басшысы облыстық Полиция департаментінің жұмысты жандандыру мақсатындағы барлық жоспардағы істеріне және мектеп инспекторларының дәрежесін, жалақысын көтеру туралы ұсынысына да қолдау білдірді.

— Жыл соңы таяп қалды, сол себепті Полиция департаментінің барлық бөлімшелері бойынша кейінге қалып отырған жұмыстарды аяқтап, нәтижелілігін жақсарту керек, – деп сөзін қортындылады облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.