Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласындағы мектепте орын алған оқыс оқиғаға байланысты және өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тараз қаласының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев 2019 жылғы 21 қарашадан атқарып отырған лауазымынан босатылды,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Тараз қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосыновқа жүктелді.