«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда

0 17

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында халықтың тұрмысын жақсартудың тиімді тетігі айқындалған. Оны өңірлерде жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс-шаралар айқын көрсетіп отыр.

«Еңбек» бағдарламасы  аясында биыл барлығы 13,3 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 9,3 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4,0 миллиард теңге бөлінген болатын. Соның нәтижесінде 1 қарашаға дейін  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 36224 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына — 17842 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 3322 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1523 адам, жастар практикасына 2409 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 5035 жұмыссыз тартылды, 1801 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыса, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 875 адам оқуға жолданды, 1333 адам шағын несие, 1314 адам грант алды. Оның ішінде есепті мерзімде 26809 адам жұмысқа орналастырылып,  94,7 пайызға (жоспар — 28336) орындалды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1610,5 миллион теңге бөлінді. Соның ішінде 770 адамды жұмысшы мамандықтарына 2,5 жыл мерзімінде кәсіптік даярлауға  1108,7 миллион теңге қаралды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 770 адам оқуға жолданды.

Қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында  3113 адамды оқыту үшін 501,8  миллион теңге қаралды.  Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа  мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында (11 колледж, 24 оқыту орталықтарында және 2 ЖОО)  өтеді. 1-ші  қарашасына  қысқа мерзімдік   оқытуға 3322  адам жолданды.   Оқуды  бітірген 2543 адамның 1720-ы (67,6%) жұмысқа орналасты.  Жыл соңына дейін  оқуын аяқтағандардың кемінде 60%-ын жұмысқа орналастыру межеленген.

Бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 8288 адамды қамтуға   9180,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 3600 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, жыл басынан 1801 адам оқуға жолданып, 1612 адам оқуын аяқтап,  оның ішінде 157-і шағын несие алса, 80 адам қайтарымсыз  грант алды.   Бұдан бөлек «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 875 адам оқуға жолданып оқуды аяқтады, 385-і қайтарымсыз грант алды. Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 8147,6 миллион тенгенің шағын несиесі 1905 адамға беріледі деп жоспарланды.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасына  ауылда  1254 адам 4922,0 миллион теңгенің шағын несиесін алды. Сонымен қатар, қалада (Тараз, Жанатас, Қаратау қалалары) 120 адамға несие беруге барлығы 1486,6 миллион теңге қаралды. Бұл несие «Даму» КДҚ АҚ арқылы қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), сондай-ақ «АШҚҚҚ» АҚ арқылы беріледі. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары басталды.   Қала бойынша 79 адам шағын 1162,0 миллион теңге несие алды. Биыл 1783 адам 889,5 миллион теңгенің қайтарымсыз  грантын беру жоспарланған болатын. Есепті мерзімде 1314 адам 679,4 миллион теңге қайтарымсыз грант алды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 7206 адамды қамтуға 2584,0  миллион теңге бөлінді. Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1202 орынға 223,8  миллион теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1523 адам жолданып, жұмысын аяқтаған 485 адамның 407-і (84,0%) тұрақты жұмыспен қамтылды.  Сонымен қатар, «Жастар тәжірибесіне» барлығы 1844 орынға 677,5 миллион теңге қаралды, оған 2409 түлек жолданып,  жұмысын аяқтаған 1480 адамның 1100-і (74,4%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1682,7 миллион теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 5035 адам жолданды.

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,  яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.  Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Жұмыс күші тапшы өңірлерге 175 отбасы,  497  адам қоныс аударды. Қоныс аударушы отбасылары толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған. Қоныс аударушылар арасынан 254  адам жұмысқа қабілетті жастағылар болып табылса, олардың 151 тұрақты жұмыс орындарымен қамтылып отыр, 114 адам — 15-29 жасындағы жастар болып табылады.  Ал, мектеп жасындағы және мектеп жасына  дейінгі  207  бала балабақша және мектеп орындарымен қамтылған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып,  жұмыссыздық деңгейі ІІ тоқсанда 4,8 пайызды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады.

Тимуржан НҰРЫМБЕТОВ,

облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.