Жамбыл облысындағы 20,5 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы қолданылуда

0 10

Облыста ағын суды үнемдеу және өнім көлемін арттыруға қол жеткізу мақсатында ылғал сақтау технологиясы биыл 29,0 мың гектар егіс алқабына енгізілсе, су үнемдеу технологияларының көлемі 20,5 мың гектар алқапқа жетіп, 12,6 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев өз баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аймақта 2015 жылы отырғызыла бастаған үдемелі бақтардың көлемі 1064 гектарға жетіп, облыстағы бақтар 3375 гектарды құрады.

Облыста аумағы 32 гектарды құрайтын 300 дана жылыжай болса, олардан 2019 жылдың 1 кезеңінде 2,9 мың тонна өнім алынды.

Бұл маусымаралық кезеңде ішкі нарықты 23%-ға қамтуда. Қазіргі уақытта қосымша қажетті 37 гектар жылыжайлар құру жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.