Жамбыл ауданында «Жалынды ұрпақ — ұлт болашағы» атты жастар форумы өтті

0 5

Жамбыл ауданы әкімі Сәкен Қаланұлының қатысуымен «Жастар жылының» жабылуына арналған «Жалынды ұрпақ — ұлт болашағы» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2018 жылдың 5 қазанында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2019 жыл — Жастар жылы» деп жариялаған болатын. 2019 жылы 23 қаңтарда бастау алған жастар  жылы да аяғына келіп жетті. Жыл барысында көптеген жұмыстар атқырылып, бір талай жетістіктерге жетті.

Іс-шара аясында аудан әкімінің жыл сайынғы сыйлығына өткізілген конкурс жеңімпаздарын «Жас дарын – 2019» сыйақысымен және аудан әкімінің алғыс хатымен ауданымызға елеулі үлес қосып жүрген бірнеше жастарымыз марапатталды. Сонымен қатар, Жастар жылы аудан жастарына өз кәсібін ашып, жұмыстар жүргізуге үлкен мүмкіндіктер берген жылға айналды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жамбыл аудандық филиалы мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлескен жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күнге «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 111 жас, «бизнес тренер» бойынша 17 жас,  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 98 жас 1 айлық курстан өтіп, олардың 45 шағын несие алып, 89 грант алып жұмыстарын бастапта үлгерді.

Осы орайда, жылды қорытындылай отырып «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында осы айда оқуларын бітіріп, кәсіпкер атанған жастарға сертификат тапсырылды.
Форум соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.