Жамбыл облысында 2020 жыл учаскелік полиция инспекторларының жылы болып жарияланды

0 17

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде учаскелік полиция инспекторларының маңызы зор. Осыған орай, Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғынбаевпен 2020 жыл учаскелік полиция инспекторларының жылы болып жарияланды.

Біз бүгін Тараз қаласындағы барлық учаскелік полиция инспекторларының жеке мәліметтерін, байланыс нөмірлерін және олардың бекітілген әкімшілік аумақтары туралы ақпараттарды жариялайтын боламыз.

Сіздер тәуліктің кез-келген уақытында учаскелік инспекторларға мәселелер бойынша хабарласып, жедел әрі тиімді көмектің көрсетілуіне сенім білдірулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кейбір бес мыңнан астам адам тұратын учаскелік аумақтарда инспектордың әрбір тұрғынмен жеке танысуға мүмкіндігі бола бермейді.

Сондықтан, Сіздерге аумағыңызға бекітілген учаскелік инспекторға өздеріңіз хабарласып, өзара байланыс орнатуларыңызды сұраймын. Бұл өз кезегінде, полиция қызметкеріне қауіпсіздік пен тәртіпке қатысты күтпеген жағдайлардың алдын алуға және мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік береді.

Сіздің хабарламаңыз назарға алынбаған жағдайда, фейсбук парақшам арқылы маған жеке жүгінуіңізге құқығыңыз бар. Кінәлі учаскелік полиция инспекторына қатысты қатаң шаралар қолданылатын болады.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Кез келген заң бұзушылық пен құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамай, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметімен бірлесе атсалысып, азаматтық көзқарасыңызды білдіруге шақырамын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.