Нұрадин Рақаев Тараз қаласы әкімінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.
Нұрадин Аллабергенұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. 2004-2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығындағы баспасөз хатшысы борлып бастаған. Одан кейінгі әр жылдары «Қазақстан-Тараз» телеарнасында редактор, шеф-редактор, республикалық «Асыл арна» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, «77» телеарнасының бас редакторы қызметтерін атқарып, тәжірибе жинады.
2011 жылдан бастап 2019 жылдың маусымы аралығында республикалық «31» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.