Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 14 жаңа мектеп салынып, 3 орын тапшылығы бар, 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселелерін шешу жоспарлануда. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы 285 мектеп жылы санитарлық жүйлермен жабдықталатын болады. Нәтижесінде бұл мәселе облыс мектептерінің 100 пайызында шешілмек. Сондай-ақ барлық мектептер бейнебақылау жүйесімен қамтылады.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында 18 жедел жәрдем көлігін сатып алу, медициналық жабдықтау деңгейін 92 пайызға жеткізу, МӘМС енгізу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, биыл өңірде 91 спорт алаңшасы салынады деп күтілуде. 1200-ден астам жасқа грант беріліп, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждерінің құрылысы басталмақ.