Мойынқұм ауданында «Әнді сүйсең, менше сүй » атты байқау өтті 

0 2

Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Әнді сүйсең, менше сүй » атты әдістемелік бірлестіктер арасында байқау өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқаудың мақсаты — Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, оның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдері мен әндерін және қара сөздерін мәнерлеп оқу арқылы Абайды тану. Байқаудың жоспары — Абай Құнанбаевтың әнді өлеңдері, қара сөздері, өлең жырлары мен Абай өмірінен драмалық көріністерден құралды.

Ұстаздар арасында өткен байқауға «Мәңгілік Ел» білім, тәрбие беру орталығының, ауылдық окург әкімдігінің қызметкерлері мен кітапханашылар көрермен ретінде қатысты.

Байқауда «Білім негізі бастауышта» әдістемелік бірлестігінің мүшесі Бақытгүл Рысалдиева «Желсіз түнде жарық-ай», «Өнер алды- қызыл тіл» әдістемелік бірлестік мүшесі Саулеш Дүйсеметова «Өзгеге, көңілім тоярсың» әндерін орындады. Ал математика пәнінің мұғалімі Назгул Ниетбаева, орыс тілі пәні мұғалімі Әсемкүл Ақылбекова, тарих пәні мұғалімі Рысжан Сүлейменова дана Абайдың тағлымы мол қара сөздерін насихаттап, жатқа мәнерлеп оқыды. Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуда қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлдана Эшанкулова, химия пәні мұғалімі Талғат Ерімбетов, ағылшын тілі пәні мұғалімі Камшат Байжанысова, бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Тілепалдиева, дене шынықтыру пәні мұғалімі Арайлым Бекмағанбетова марапатқа ие болды.

Драмалық қойылым бөлімінде «Өнер алды- қызыл тіл» әдістемелік бірлестігі «Құнанбайдың түсі» қойылымы арқылы қазақтың салт-дәстүрін насихаттаса, «Словестник» әдістемелік бірлестігі Абайдың ұзақ сапардан оралуы арқылы қазақ дәстүрінде сәлемдесудің де ерекшелігін көрсетті. «Жаратылыстану» әдістемелік бірлестігінде Талғат Ерімбетов Абайдың ақындық өмірінен көрініс көрсетсе, «Нақты ғылым» әдістемелік бірлестігі Камшаттың тағдырын  сомдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.