Еңбек ері студент жастармен кездесті

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданында ҚР Еңбек ері, меценат, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев студент жастармен кездесті.  Мақсат-
«Елдік елге байланысты» форумы аясында қабылданған Үндеуді жүзеге асыруда жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мен еңбексүйгіштікке баулу,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуде Еңбек ері өнегелі өмірі мен өмір жолы, қол жеткізген жетістіктері туралы әңгімеледі. Ал жастар өздерін толғандыратын сауалдар қойып, еркін сұқбат құрды. Жас ақын студент өлең жолдарын арнап,ауыл еңбеккерлеріне арналған әсем ән шырқады, өнегеге толы әңгімесі үшін Сайрамбай Әліқұлұлына алғыстарын жеткізді.

Оқу орны директоры С.Есеев әлеуметтік серіктес ретінде шаруашылықтың тәжірибе алмасудағы еңбегін жоғары бағалап,қолдауды қажет ететін студенттерге тағайындаған стипендия үшін Сайрамбай Әліқұлұлына ризашылық білдірді. Еңбек ері студенттерді ерінбей жұмыс істеуге, туған жерге қызмет етуге шақырды. Өз шаруашылығында түрлі салада қызмет жасауға болатынын айтып,
ҚАТЖК-нің студенттеріне жұмыс ұсынды. Тағылымы мол шара түлектерге тың серпін берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.