Жамбыл облысында бүгін коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 жағдайы тіркелді

0 2

2020 жылдың 2 сәуірінде облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 жағдай Тараз қаласында, 1 жағдай Жамбыл ауданында.
Облыс бойынша коронавирусты тіркеудің 5 жағдайы расталды,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданынан — 1 науқас, 29 жаста, ер адам, алыс қашықтықтағы жүргізуші болып жұмыс істейді, Ресейден келген.

Тараз қаласынан  -1 науқас, 41 жаста, ер адам, Қызылорда-Петропавл бағытындағы 076 пойызында жолсерік болып жұмыс істейді. Осыған дейін айтылғандай бұл поезда КВИ жұқтырған бір науқас болған еді.Ол 22 наурызда -Түркістан облысында анықталған еді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, барлық науқастар уақытында карантиндік стационарға оқшауланып, оң зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына стационарлық емдеуге тасымалданды.

Анықталған 5 адаммен 76 адамның байланыста болғаны анықталды, оның ішінде 69 жақын және 7 потенциалды. Барлық байланыста болған адамдар 100% карантиндік стационарға оқшауланып, зертханалық тексеруден өтті, олардың 61-і теріс нәтиже берді, 15- і сараптамада.
Тұрғылықты және келген жері бойынша ошақтарда Ұлттық сараптама орталығы филиалымен дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.

Айта кетейік, пациенттің үй-жайларында және карантиндік стационар палатасында жол жүру барысында қорытынды дезинфекция жүргізілді, науқастарды тасымалдайтын көлікке дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Медициналық қызметкерлер пациентке қызмет көрсету кезінде барлық жеке қорғану шараларын сақтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.