Тұрар Рысқұлов ауданында пилоттық жоба бойынша 794196 000 теңге қаржы игерілген

0 11

Тұрар Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округі облыс көлемінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында жұмыс атқарып жатқан округ саналады. Пилоттық жобаның 5 бағыты бойынша мұнда қаржыландыру жұмыстары аяқталып, жалпы соммасы 794196 000 теңге қаржы игерілген , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Пилоттық жобаның І бағыты -үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануда 14 848 000 теңге қаржы 598 аулаға 2,1 га жерге сарымсақ, 33 гектарға картоп, 18,9 гектарға қияр дақылдарын егуге тұқым алуға, тыңайтқыш алуға, жанар-жағар май алуға жұмсалды.

ІІ бағыты-ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану үшін 676 812 000 теңгеге 229 аула 2,5 %-бен несиеге 7558 бас мал алынды, оның 6280 бас ұсақ мал, 356 мүйізді ірі қара, 592 бас жылқы малы.Тұрғындардың 95%-ы мал басын көбейту мақсатында аналық бас алған.

ІІІ бағыт бойынша тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалануы үшін 7 086 000 теңге қаражат «Құмарық-Тау» өндірістік кооперативі есебіне аударылған.

ІV бағыт -кооперативтерді жабдықтау және құру үшін мал азығына қажетті ауыл сыртындағы және үй іргесіндегі жерлерді игеруге 89 950 000 теңгеге 17 дана техника алынды.

V бағыт- тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру бағыты бойынша 1 жоба 8,5 млн. тг ірімшік жасайтын цех ашуға берілген.

Пилоттық жоба аясында үй ауласындағы қосалқы шаруашылықты дамыту мәселесіне басым бағыт берілуде. Мысалы, ерекше белсенділік танытқан Алғабас ауылы Амангелді көшесі тұрғындары  Нұрмаханбет Молдабеков  пен Кулбахира Айжанова сарымсақ, Құмарық ауылы тұрғыны  Сағат Топбаева үй іргесіне картоп дақылын егіп, мол өнім алуды жоспарлаған. Мал шаруашылығымен айналысып, ет және сүт өнімдерін өндіру жолға қойылуда.

Айта кетейік, барлық шаруа арнайы құрылған «Құмарық-Тау» АӨК директоры Сәрсебаев Еркін мен зоотехник маман Кумеков Мауленнің, бас агроном Егембердиев Қойшыбектің күнделікті тұрақты бақылауына алынған. Барлық жұмысты сапалы ұйымдастыруда Құмарық ауылдық округ әкімі Болат Мансур  да зор жауапкершілік жүктелген.Алдағы уақытта қарқынды жұмыстар жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.