Тұрар Рысқұлов ауданы тұрғындарға тиесілі көмек беру жұмысын жалғастыруда

0 2

Тұрар Рысқұлов ауданы тұрғындарға тиесілі көмек беру жұмысын жалғастыруда. Осыған байланысты «Құлан дән»несие серіктестігі жанынан 2019 жылдың 25 желтоқсанында «Мейірім»қоры құрылған. Негізгі мақсаты -қолда бар мүмкіндіктермен көмекке аса мұқтаж жандарға демеушілік көмек көрсету , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бұл қор осы уақытқа дейін демеушілік істерімен танылып,талай отбасын қуантқанын аудан жұртшылығы біледі. Елімізде төтенше жағдай енгізілген карантиндік режим уақытында көмекке мұқтаж отбасылар саны көбейгені шындық.Осыны ескерген басқарма басшысы Р.Әбдіқадыров бастама көтеріп, құрылтайшылар, басқарма мүшелері қолдау көрсетіп,ортақ шешімге келіп, ауданның 210 отбасына азық-түлік пакетімен көмек беруді қолға алды.

Аталмыш шараға 15 ауылдық округтен ауылдық округ әкімдігі мен ардагерлер кеңесі шешімімен ең мұқтаж отбасылар іріктеліп,тізім жасақталды.

Бұл мақсатқа барлығы 3 100 000 тг қаржы жұмсалды.Айта кету керек,басқарма мүшелері өздерінің құрылтайшылары бар Байзақ ауданының 40 отбасына да осындай азық-түлік пакетін жөнелтеді.

Жалпы 250 отбасы күнделікті тұтынатын ең қажетті ұн,қант,май,шай,макарон өнімдерімен қамтылады.
Бүгін осы шараның бастамасы Құлан ауылынан 30 отбасына азық-түлік пакетін таратумен басталды. Серіктестің әр округте сайланған өкілдері,басқарма мүшелері тиісті заттардың мекенжайға жеткізілуін қадағалайды.

Игі шараға Ерікті жастар корпусының жас волонтерлері қол көмегін беріп, ерекше белсенділік танытуда.
Елбасы ұсынған «Biz birgemiz»акциясы ауданда осылай сәтті жалғасын табуда.
Қасиетті Рамазан айында қайырымды істер көбейетініне сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.