Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы тіркелді

0 0

21 сәуір күні Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың екеуі — 1986 жылы туған Тараз қаласы және 1966 жылы туған Меркі ауданының тұрғындары. Екеуі де вахталық негізде Атырау облысының Теңіз кентінде жұмыс істейді.

Қалған 3 жағдай Тараз қаласында анықталған. Облыс орталығының 1963, 1984 және 2014 жылдары туған тұрғындары бұған дейін инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болғаны үшін карантинге оқшауланған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді.
Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілді. Барлық жақын байланыста болған адамдар карантиндік стационарға оқшауланды.

22 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 76 жағдайы тіркелген. 24 науқас емделіп, стационардан шығарылды. Олардың барлығы үй карантинінде медициналық бақылауға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.