Мойынқұм ауданында 3 мекеме залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде

0 0

Облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданында қауіпті дерттің алдын алу үшін 3 мекеме залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде , — деп  хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жалпы Мойынқұмда 16 ауылдық округ, 24 елді мекен бар. Бүгінде барлық жерде сақтық шарасы күшейтілген. Аудан бойынша 3 мекеме, «Мойынқұм Дезинфекция» ЖШС, «Дезинфекция»​ ЖШС және Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі коммуналдық мемлекеттік мекемесі дизенфекция жұмыстарын жүргізуде. ​ ​ ​ ​ ​ ​
Аталған 3 мекемеде​ «Мойынқұм Дезинфекция ЖШС»,​ 2​ трактор, сыйымдылығы 5 тона​ 2 автокөлік,​ «Дезинфекция»​ ЖШС -де 1 уаз, 1 жанарамай көлігі, 1 трактор,​ Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі КМК 4 ДУК, 11 нива автокөлігі​ 47 адам тартылған. Аудан бойынша 24 елді мекендерде 110 көше, 370 ауланы күніне 2 рет дезинфекциялық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Ауылдардың орталық көшелер сондай-ақ қоғамдық адам көп жиналатын жерлерге, жұмыс істеп тұрған азық-түлік дүкендерінің маңына дензинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. 223 жұмыссыз азамат дезинфекциялық жұмыстарға тартылды. Жалпы аудан бойынша дезинфекциялау жұмыстарға 22,0 млн қаражат қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.