Байзақ ауданында карантин режимін енгізу талаптары сақталуда

0 0

Жамбыл облысындағы КВИ-дің алдын алу бойынша жарияланған Төтенше жағдайға байланысты Байзақ ауданы бойынша құрылған түсіндірме және бақылау тобы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, топ жетекшісі Шабден Тілеумұраттың жетекшілігімен облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұржан Тлепов, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова аудан аумағындағы бақылау бекеттерінде болып, карантин режімін енгізу талаптарының сақталуын бақылауға алды , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Тараз қаласы мен Байзақ ауданы шекарасының екі жерінде “№7 Тараз — Жетібай — Тегістік — Ойық” және “№8 Тараз — Сарыкемер — Түймекент — Ақшолақ” бағытында құрылған санитарлық бақылау бекеттерінде қажетті бағаналар орнатылып, электр желісі тартылып, аудан әкімдігі тарапынан жарықтандырылуы қамтамасыз етілгеніне куә болды. Ауданда құрылған санитарлық бақылау бекеттерінде жедел жәрдем көлігі, аудандық медицина және облыстық, аудандық учаскелік полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда екен. Бейнебақылау жүйесі іске қосылып,  әр ауылдық округ елді мекендерінің бір-бірімен бей-берекет қатынауын тоқтату үшін бұғаттау бекеттері орнатылыпты. Іссапар барысында “Бәйтерек-Түймекент”, “Мырзатай-Сарыкемер”, “Сарыкемер-Байзақ” бағытында құрылған санитарлық бақылау бекеттері де тексерілді. Ауданда құрылған санитарлық бақылау бекеттерінде жедел жәрдем көлігі, аудандық медицина және учаскелік полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда. Бекеттен өтушілерді, көлік жүргізушілерді полиция қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдігінің мамандары тексеріп өткізуде.

Ауданда төтенше жағдайға байланысты құрылған түсіндірме және бақылау тобының түсіндіру жұмыстары халық арасында жалғасын табуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.