Тараз қаласында 11 дүкенге бақылау жүргізілді

0 2

Тараз қаласында  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобымен қала аумағында орналасқан 11 дүкенді аралады, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Атап айқанда, «Корвет», «Умка», «AsMol», «Рауан», «Dostyk Market», «Orda», «Жұлдыз», «Деменур», «Сабина», «Okey» және «LUX» супермаркеттеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағаларының орындалуына қадағалау жүргізілді.

Нәтижесінде, араланған барлық дүкендерде тазартылған күріш, қарақұмық, тауық жұмыртқасы және күнбағыс майының бағалары шекті бағадан асқан деректері анықталды.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес министрліктердің бірлескен бұйрығымен белгіленген шекті бағалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында дүкен иелерінің ықыласымен сол мезетте аталған тауар түрлерінің бағалары нормативтік-құқықтық актіге сәйкестендірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.