Жамбыл облысы Жамбыл ауданында көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу қолға алынады

0 1

Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауданы көкөніс егумен қатар қарқынды бақ өсіру ісінде өзге аудандардан оқ бойы озық тұр. Бүгінде бағбандар жеміс-жидекті сақтайтын қоймалар салумен қатар көкөністі қайта өңдеуді де қолға алуға ниетті. Қазірдің өзінде құрылысқа арналған жер де дайын . Егер жоспар жүзеге асса жергілікті сөрелерге джем, повидло, шырындар, көкөніс салаттары және тағы басқа да өнімдер жеткізілмек, — деп жазады  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінде көкөністер мен жемістерді сақтап, сатумен айналысатын «Kaz Fruits Line» ЖШС орналасқан. Жалпы серіктестіктің сыйымдылығы екі мың тонна болатын екі қоймасы бар. Ондағы заманауи неміс қондырғылары ауаны зиянды микробтар мен бактериялардан тазарту кезінде температура мен ылғалдылықты реттеуге мүмкіндік береді. Алайда биыл сақтауға арналған қоймалар бос. Аймақта қарқынды бақтардың көптігіне қарамастан, өткен жыл алма үшін жемісті жыл бола қоймапты . Екі мың бағбан бар болғаны 300 тонна жеміс жеткізді.
Жеміс-көкөніс қоймасының директоры Көшкенбай Құлмамбетов, басқа да мәселелер бар дейді . Біріншіден, компания алма сатып алып, сақтап, оны маусымаралық кезеңде нарыққа, тұтынушыға қол жетімді бағамен ұсынуға ниетті. Алайда айналым қаражатының жоқтығынан сатып алуды жүргізуге мүмкіндік болмай отыр. Мәселе құны – 300-350 миллион теңгені құрайды. Ал күзде жемістерді тікелей бағбан арқылы арзан бағамен алғысы келетін алыпсатарлар пайда болады. Бағбандар онымен келіспейді. Өйткені әр түрлі аурулардан қорғау құралдары үшін шұғыл есептеулер жүргіз қажет, олсыз мүмкін емес. Басқа да көптеген төлемдердің бар екендігі өз алдына. Осы орайда Қырғыз Республикасымен шекарадағы фито-қорғаныс бақылауында бірқатар мәселелер туындайтындығы, көрші елден алманың негізгі бөлігі жеткізілетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерге Тараз және облыс орталықтарында фирмалық павильондар ашу үшін жер қажет екен. Аталған мәселелер шешімін тапса, өз кезегінде жамбылдықтарды жыл бойына жаңа көкөністер мен жемістермен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Көшкенбай Құлмамбетов тағы да екі мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салып, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу ісін де қол алуды жоспарлап отыр. Бұл тұтынушыларды өз өнімдерімізбен қамтамассыз етумен қатар, бағаның да тұрақты болуына септігін тигізбекші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.