Талас ауданында жел электр станциясы бой көтереді

0 8

Талас ауданында 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 1 млрд. 930 млн теңгені құрады , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Былтырғы жылмен салыстырғанда 454 млн. 800 мың теңгеге артық орындалып немесе 130,8 пайызды құрап отыр.

Құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 9,0 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Вин Пауер Сити» және «Вин Электрсити» ЖШС-ні құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, «Talas Investment Company» ЖШС-нің қуаттылығын 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында, зауыттың жанынан қосымша цех соғу жобасын қосу жоспарланды. Қазіргі таңда цех орналасатын жердің жер телімінің жеке меншік иесінен алу жолдары қарастыру бойынша зауыт басшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасалуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.