Тараз қаласына 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд. 965,8 млн. теңге қаржы қарастырылған

0 1

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы Тараз қаласына 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд. 965,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артып 405 тұрақты және 5 666 уақытша жұмыс орындарымен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін ӨКҚ  ақпарат алаңында Тараз қаласының әкімі Айтқазы  Қарабалаев айтты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, қалада жұмыс басталып та кеткен.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізіліп, 14 млрд. 231,2 млн.теңгеге 347 жобаның жеңімпаздары анықталған, оның ішінде облыстық басқарамалардан өтетін нысандар 23 жоба 4 742,8 млн.теңге, ал қала арқылы өтетін нысандар 324 жоба 9 млрд. 488,4 млн.теңге.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қаладағы бірқатар мәселені шешеді. Қазір қаладағы 163 көпқабатты үйлердің алдындағы аулаларды, 96 көше мен 4 көшенің жолдары мен тротуарлары жөндеу жүргізілуде.

Жол салу, парктерді абаттандыру сияқты жұмыстардың барлығы осы бағдарлама арқылы бөлінген қаражатпен жасалуда. Биыл біз қаржы көзін тауып қаладағы дәретханалары сыртта орналасқан мектептердің ішке орнатуды жоспарлаған едік. Енді жол картасы бойынша 7 мектептің ішіне дәретхана салуға қаржы бөлініп, оның да жұмыстары басталды, Сондай-ақ қалада 6 бірдей білім нысанында құрылыс жұмыстары бір мезетте басталды.

Транспорттық инфрақұрылым бойынша жалпы 92,5 шақырымды құрайтын 100 көшені орташа жөндеуге 3 млрд. 334,3 млн. теңге бөлінсе, қала көшелерінің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына қала бюджетінен 200,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ал, Сүлейменов көшесінің соңындағы жаңа алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылысы мен «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстары ағымды жылы жалғасын табатын болады.

Биылғы жылы қала көшелерінің сыртқы жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу 50,0 млн.теңге қаржы қарастырылды 206 көшенің сыртқы жарықтандыру желілерін орнату, оның ішінде: 156 көше, 50 аула жарықтары. Алматы қаласының «Altocom Asia» ЖШС-ң ұсынысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде «Ақылды көше жарығы» жобасы аясында Тараз қаласының сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғыртуға үш жақты келісім-шарт жасалды. Алайда, коронавирус  пандемиясына салдарынан, Алматы қаласынан тауарларды жеткізуге шектеу қойылып, мүмкіншілік болмағандықтан жоба бойынша жұмыстар басталған жоқ.

Жоба негізінде қаланың 158 көшесіне сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады және қала бойынша 14131 дана шамшырақ ауыстырылатын болады. Тараз қаласы көшелерінің бойындағы бағаналардан ескі жарық шамдары жинақталып, жинақталған жарық шамдарының жарамдыларын кәдеге жаратылуға жіберіледі.

Бұдан өзге Сүлейменов көшесінің соңындағы 6 тұрғын үйлердің құрылысы, 6 тұрғын үйлердің инженерлік желілері, осы алқаптағы жеке тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз ету, «Даңқ» аллеясын абаттандыру, Әуежай аумағындағы дренаж желісін жөндеу, аула алаңдарын абаттандыру, (Бәйтерек м/а №32,33 үй, Қаратау м/а №3,4 үйлер, Әйтеке би көшесі №30 үй), Қонаев және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы скверін абаттандыру және жалпы ұзындығы 41,1 шақырымды құрайтын 35 көшені орташа жөндеу, Тараз қаласындағы құбыр өткелдерін және лотокты арық жүйелерін қалпына келтіру, жалпы – 55 нысанның жұмыстары басталды. Осы басталған жұмыстарда жалпы – 625 жұмыс орыны ашылып, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жалпы – 264 адам жолданды.

Алдағы уақытта «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенінің құрылысын жалғастыру және «Әулиеата» ескерткішінің аумағын абаттандыру, магистралдық- коммуникациялар желісі және Оқушылар Сарайы құрылысын жүргізілетін болады. Дәл қазір «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталып кетті. Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, кешен шекарасы кірпіштермен қаланған қабырғамен қоршалады. Ондағы бақылау алаңдары мен қамал аллеямен жалғасып, облыстың тарихи нысандары мен жәдігерлердің макеттері орналасады. Бекініс пен бақылау алаңдарының арасында ұзындығы 15-20 метр болатын панорамалық панел жобаға енген. Мұнда ел тәуелсіздігі тарихындағы маңызды оқиға – Атлах пен Аңырақай шайқастары туралы құнды дүниелер көрініс табады. Бұдан бөлек, жағалау, тоған және жасанды сарқырама салу да көзделіп отыр. Тағы бір үлкен жоба – Қарасу алқабында «Денсаулық» саябағы бой көтереді.Саябақта бірнеше спорт алаңдары, велосипед жолағы және workout алаңшалары ашылады деп күтілуде.

Таразда бой көтеретін «Анаға тағзым» ерекше ғимараты да қаланың көрікті жерлерінің біріне айналмақ. Қазіргі таңда аналардың құрметіне арналған ескерткіштің макеті әзірленуде. Сондай-ақ мұндағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш маңында этно-ауыл пайда болмақ. Жақын арада «Арбат-3» жаяу жүргіншілер аллеясының құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.