Жамбыл облысында экономикалық өсім 101% -ды құрады

0 38

Облыстың әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштері былтырғыдан және орташа республикалық деңгейден жоғары қалыптасты. Өңірде 6 айдың қорытындысымен экономикалық өсім 101% -ды құрады. Бұл туралы облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, сауда-саттық пен көліктен басқа өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артқан. Аймақта осыған дейін 250,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, баспанамен қамту 10,9%-ға ұлғайып отыр. Аталған салаға 139,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, 6,4%-ға өскен.
Инфляция деңгейі 104,2%-ды құрап, жұмыссыздық деңгейі- 4,8% төңірегінде қалыптасты. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5% құрады (237,5 млрд.тг). Өнеркәсіп құрылымындағы 73% өнім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Саладағы өсімге кен өндіру өнеркәсібінің 3,1%-ға, электрмен жабдықтау 8,6%-ға, сумен жабдықтау 11,6%-ға артуы есебінен қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінде 100% қалыптасты.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімінің 2,7%-ға (71,5 млрд.тг.) өсуі өсімдік шаруашылығы өнімінің (6,3%) және мал шаруашылығының артуынан (2,6%) қамтамасыз етілді. Мал шаруашылығында ет өндірісі 2,2%-ға, сүт – 1,9%-ға, жұмыртқа – 3,6%-ға өсіп отыр. Мүйізді ірі қара мал басы 8,2%-ға, қой – 3,2%-ға, жылқы – 11,5%-ға, түйе — 4,9%-ға, құс – 4,8%-ға артқан. 139,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 6,4%-ға артты.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 19,1 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылмен салыстырғанда — 109,4% артса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 1,3 млрд. теңгені құрады.
Бүгінгі таңда облыстың бюджеттік әлеуетін тиімді пайдалануға баса назар аударылуда.

Жыл соңына дейін аймақтағы бюджеттік бағдарламалар жүз пайызға орындалады деп күтілуде.  Экономикалық өсудің қосымша көздерін құру үшін химия өнеркәсібінің, өңдеу, ауылшаруашылық, құрылыс, баламалы энергетика салаларының мүмкіндіктерін пайдалан үшін нақты жоспарлар жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.