Таразда үш спорттық-сауықтыру кешені салынуда

0 20
Таразда үш спорттық-сауықтыру кешені салынуда , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының кезекті рет аралау барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев спорт нысандары құрылысының барысымен танысты.Бұған дейін дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте аймақ басшысы спорт нысандарының санын арттыру керектігін айтқан болатын.
Облыс әкімі тұрғындарды саламатты өмір салтына тарту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Бүгінгі таңда облыс орталығында 552 спорт нысаны, соның ішінде спорт алаңдары бар. Ағымдағы жылы Таразда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында үш спорттық-сауықтыру кешені салынуда. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған десек, жоспар бойынша қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Атап айтсақ, жоғарыда айтылған үш кешеннің біреуі облыстық мамандандырылған №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, екіншісі №2 спорт мектебінің, үшіншісі «Жекпежек» жекпе-жек спорт клубының базасында бой көтеруде.
Бердібек Сапарбаев құрылыс нысандарын аралап, мердігерлерді әңгімеге тартып, құрылыстың барысына қанықты.
Құрылысшылар жұмыс кесте бойынша жүріп жатқандығына сендірді. Нысанда балаларға барлық жағдай жасалуда: кең залдар, шешінетін бөлмелер мен душ бөлмелері салынбақ.
Бір спорт кешені 400-ге жуық адамды қабылдай алады. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков жаңа нысандарда балалар футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, жекпе-жектер, каратэ және таеквондомен айналыса алатынын жеткізді.
Спорттық ғимараттар ашық, кең және жылы болуы керек. Мұнда балалар өздерін жайлы сезінулері тиіс. Нысандардың қаланың әр аумағында салынып жатқандығы қуантады. Барлық балалар өздерінің сүйікті спорт түрлерімен ыңғайлы жағдайда шұғылдана алады. Тағы 10 спорт кешені облыс аудандарында салынуда. Бұған дейін атап өткенімдей, спорт бұқаралық әрі қол жетімді болуы тиіс. Сонымен қатар, спорттық және мәдени нысандардың көптеп ашылуы өскелең ұрпақты бала кезден тәртіпке баулуға және жақсы дәстүрге тәрбиелеуге мүмкіндік береді, — дейді Бердібек Сапарбаев.
Leave A Reply

Your email address will not be published.