Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Үркер — 2020» ұлттық сыйлығын жеңіп алған облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымын құттықтады, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
— Облыстағы «Ақ жол» басылымы үздіктерді ұлықтайтын ұлттық «Үркер — 2020» сыйлығының иегері атанып, жамбылдық журналистер мәртебесі биіктей түсті. «Жылдың үздік газеті» номинациясын иеленген басылым ұжымын осы айтулы жеңіспен құттықтап, көшбасшы газеттің алар асуы азаймауына тілектестік білдіремін. Сөзсіз, бұл «Ақ жолдың» алғашқы да, соңғы да жеңісі емес. Себебі, цифрландыру дәуірінде заман ағымына сай бейімделе отырып, өзінің өзге басылымдар бет түзейтін үлгілі келбетін сақтай алған газеттің талай марапатына куә боларымыз анық, — деді қала басшысы.