Жамбыл облысы Меркі ауданындағы бөбектер аптаның алғашқы күнін әнұран шырқаумен бастады. Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін қолға алынған бұл үрдіс тұрақты түрде жалғаспақшы. Бүгін аудандағы барлық балабақшада мемлекеттік Гимн орындалды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Осыдан дәл 15 жыл бұрын еліміздің мемлекеттік Гимні «Менің Қазақстаным» әні алғаш рет шырқалды.
Гимн 2006 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін ұлықтау салтанатты рәсімінде ресми түрде орындалды.
Мемлекетті айқындайтын нышандар — Туымыз, Елтаңбамыз бен Гимн әлем елдері арасында біздің Қазақстанды айшықтап тұр.
Өскелең ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру әрбір ата-анаға, ұстазға, қоғамға ортақ міндет.
Бұл бүлдіршіндер еліміздің өркендеуіне, береке мен бейбітшілікті сақтап қалуына үлес қосатын азаматтардың ізін жалғастыратын болады.