Дауыл Бейсенқұлов “Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Дауыл Ынтықбайұлы 1975 жылы дүниеге келген.
1997 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-механик», 2015 жылы Тараз иновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999-2000 жылдары Жамбыл аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2000-2005 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жалпы, ішкі саясат бөлімдерінің бас маманы қызметін атқарған.
2005-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болды.
2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.
2019 жылғы 4 мамырынан бастап осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы қызметін атқарды.