Жамбыл облысында жылыжайлардан бірінші тоқсанда 167 тонна өнім жиналды

0 3

Облыстағы жылыжайлардан биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 78,75 тонна қияр, 74,8 тонна қызанақ, 13,5 тонна құлпынай мен дәмдеуіш шөптер жиналып, жиналған өнім 167,05 тоннаны құрады. Ол жылыжайлардан алынған өнімдері Тараз, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұтынушыларына өткерілуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жалпы Жамбыл облысында 66 шаруа қожалық жылыжаймен айналысады. Ондағы жылыжай аумағы 34,3 гектар алқапты құрайды.

Облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша жылыжайдың 1 гектар алқабы өткен жылы салынған. 2021 жылдың бірінші тоқсанында ол жылыжайлардың 14 гектарға жуық алқабына көкөніс, дәмдеуіш шөптер және құлпынай отырғызылған.

Өткен жылы жылыжайлардан облыс бойынша 4174 тонна өнім жиналған. Оның 3243,2 тоннасын қияр, 719 тоннасын қызанақ, 5,5 тоннасын дәмдеуіш шөптер мен құлпынай құрады. Ал биыл бірінші тоқсанында жылыжайлардан 78,75 тонна қияр, 74,8 тонна қызанақ, 13,5 тонна дәмдеуіш шөптер мен құлпынай жиналған. Ол жылыжайлардан алынған өнімдері Тараз, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұтынушыларына өткерілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.