Марат Сұлтанғалиев Сарысу аудандық орталық ауруханасының тыныс-тіршілігімен танысты

0
75

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандық орталық ауруханасына арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бас дәрігер Бағила Бегманова денсаулық саласындағы өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Ауданда жалпы медицина қызметкерлер саны — 740. Ауданға 2018ж -14 жас маман (акушер -1 хирург- 4, терапевт-1, жалпы тәжірибелі дәрігер -7, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері-1) дәрігерлері келген. 2019 жылы 8 жас маман (жалпы тәжірибелі дәрігер -5, терапевт-1, невропатолог-1, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері-1) дәрігері келді. Оның 4-і облыстық денсаулық сақтау басқармасынан республикасының бюджет есебінен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік басқармасы бойынша қарастырылған әлеуметтік көмек алуда.

Осы және өзгеде ақпараттарды аудан басшысының назарына жеткізді.

Аудан әкімі өз кезегінде басты байлық денсаулық екенін, осы бағытта еткен еңбекпен төккен тердің зая кетпейтінін, қашанда тұрғындар пікірімен санасып еңбек етуді тапсырды.

Аралау барысында ақ халатты абзал жандармен бас қосып, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here