Таразда аурушаңдықтың тұрақтануы мен төмендеуі байқалмайды

0 16

Таразда COVID-19 ауруының таралуы тоқтар емес. Аурушаңдықтың тұрақтануы мен төмендеуі байқалмайды. Биылғы жылдың осы үш айының өзінде 1192 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде КВИ — 714, пневмония – 478. Ал былтыр қала бойынша 2260 жағдай тіркелген болатын. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Жыл басталғалы айларға тоқталар болсақ, қаңтарда 508 (пневмония — 234), ақпанда 360 (пневмония — 128), наурызда 324 (пневмонмия — 153) жағдай тіркелген. Бүгінде 250 төсектік облыстық көп бейінді балалар ауруханасының инфекциялық блогы мен 200 адамға арналған қалалық перинаталдық орталықта КВИ диагнозымен 107 науқас ем қабылдауда. 9 ауыр жағдайда, жазылып шыққандар 13 адам», — деді А.Садубаев.

Атқарушы билік тарапы ауырғандардың күрт көбеюіне санитарлық талаптарды сақтамаған адамдардың өздері кінәлі екендерін айтады. Қазір жасырын жиындар мен кештер өткізу тиылмай тұр. Сондықтан, қала әкімінің өзі бастап рейдтік шаралар жиі жүргізіліп жатқанын айтты.

Таразда 18-64 жастағыларды вакцинациялау ақпан айынан басталған болатын. Бүгінде облысқа «Спутник V» вакцинасының 7700 дозасы түсті. Егілгендер де осы санды көрсетіп отыр. Оның 4562 медицина мамандары, 1403 педагогтар және тағы басқалар. Екпеден кейін ешқандай кері әсері жоқ, егу жұмыстары жалғасуда, — дейді мамандар.

Қала бойынша былтыр 304 398 адам ПЦР тест тапсырған. Күні кеше бір күннің ішінде қала бойынша 409 адам ПТР-тест тапсырған. Жалпы, биылғы жылдың соңғы 3 айында тест таспырғандар 42 243 адамды құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.