Жамбыл облысында дүнген этномәдени бірлестігі 300 отбасыға көмек көрсетті

0 4

«Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Қарасу ауылының аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен 300 отбасына көмек көрсетті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпсрат агенттігі.

Облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Парида Мамедованың айтуынша, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бастаған «Қайырымды істер марафоны» жобасы жалғасын табуда. Жоба аясында облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Қарасу ауылының аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен 300 отбасына көмек көрсетті.

Этнобірлестік ондағы әрбір жанұяға 20 балапан мен оның алғашқы 10 күніне арналған 5 келі жемін қоса таратты. Этномәдени бірлестік бұл қайырымдылық іс шарасына 2 миллион 400 мың теңге жұмысаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.