Таразда мониторингтік топ 200-ге жуық хаттама толтырған

0 0

Таразда жыл басынан карантин талаптарын сақтамағандарға мониторингтік топ мүшелері 200-ге жуық хаттама толтырған. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында 34 хаттама, ақпан айында 47 хаттама, наурыз айында 54 хаттама, сәуір айының осы он күндігі өзінде 50-ге жуық хаттама толтырылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, Тараз қаласының Бас санитариялық дәрігері Рита  Алтынбасова да тікелей эфирге қатысып, сұрақтарға жауап берді.

Алмас Садубаев аурудың артуына адамдардың той-томалақтан тиылмай тұруы себеп дейді. Бүгінде Тараз қаласында 74 мейрамхана мен 220 кафе бар. Олардың басым бөлігі жұмыс жасап тұр десек те болады. Тұрғындардың қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамауы қоғамға қауіпті әрекет болып тұрғанын айтты.

Ал Рита Өмірханқызының сөзінше, Таразда эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Қала қауіптілік деңгейінің «жасыл» аймағынан «сары» аймағына өтті. Аурушаңдықтың тұрақтану, төмендеу үрдісі байқалмайды.  Өткен тәулікте коронавирустық инфекция пневмонияның  1446 жағдай тіркелді. Оның ішінде КВИ 882 адам болса, пневмония 564.  Коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардын ішінде зейнеткерлер көш басында келеді. Бүгінде қалада 440 қарт кісі жұқпаны жұқтырған. Жұмыссыздар  370 адам болса, үштікті  50 медициналық қызметкер қортындылап тұр. 

Жалпы, шаһар бойынша шектеу шараларын бұзғандар жетерлік. Мәселен, Тараз қаласы бойынша карантиндік шектеу іс-шараларын сақтамағандығы үшін №5 қалалық емхана жанындағы үйлестіру орталыған 136 жедел хабарлама және полиция бастамасымен 156 материал келіп түскен. 317 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 67 млн. 834 мың теңгеден астам айыппұл салынған. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.