Сарысу ауданы экономикалық көрсеткіштері бойынша жоғары жетістіктерге жетіп отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім 10 млрд. теңгеден асады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Сарысу ауданында бүгінде 9 ауылдық округіне қарасты 25 елді мекен мен аудан орталығы Жаңатас қаласында 44 455 адам тіркелген.
Ауданда осыдан 20 жыл бұрын өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 506,3 млн. теңге болды. Сондай-ақ, тартылған инвестиция көлемі 27,0 млн. теңгені құраған еді.
«Ал биыл бар-жоғы 4 айда өнеркәсіп саласында шығарылған өнім көлемі 10,4 млрд. теңгені, ал тартылған инвестиция көлемі 6,8 млрд. теңгені құрап отыр», — деді М.Сұлтанғалиев.