Жамбыл ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру ұйымдастырылды

0 6

4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы мерекеге орай Жамбыл ауданында мерекелік автошеру ұйымдастырылды. Автошеруге 17 автокөлік қатысты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бұл шараның басты мақсаты ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ұлттық нышандарымызды ұлықтау, дәріптеу болатын.

Автошеруге 17 автокөлік қатысып, аудан орталығы – Аса ауылынан бастап, мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков ауылындағы ту тұғыры аллеясына дейін жалғасты. Осылайша жамбылдықтар мемлекеттік рәміздеріміздің аудан көлемінде ұлықталуына, дәріптелуіне үн қосып, құрмет білдірді.

Сондай-ақ аллеяда өткен концерттік бағдарламада аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев сөз алып, ұлық мерекемен құттықтаса, ауыл ақсақалдары мереке күнгі автошерудің ұлт санасына тигізер әсері зор екенін айтып, ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.