Жамбыл облысы бойынша «Таланттар пулына» 23 адам қабылданды

0 1

«Таланттар пулы» кадрлық резервке іріктеудің қорытындысы бойынша Жамбыл облысынан 23 адам резервке қабылданды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Таланттар пулы» жобасын әзірлеу кезінде «Президенттік Жастар кадр резерві», «Елбасы Академиясының салалық менеджерлері» және «Жас Өркен» ауқымды жобаларының тәжірибесі қолданылды. Кадрлық резервті қалыптастырудың негізгі мақсаты — талантты жұмыскерлерді іздеу, олардың қабілеттерін дамыту, бос басшылық лауазымдарға орналасудың және кадрлардың ішкі өсуінің ашық және тиімді жүйесін қамтамасыз ету.

Бұл жоба 2021 жылдың 1 наурызы мен 30 сәуірі аралығында жүргізілді. Үміткерлер бірнеше кезеңнен өтті, түрлі тестілеулерді тапсырып, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, Мемлекеттік корпорация өкілдері қатысқан Сараптау комиссиясымен сұхбаттасудан өтті.

«Іріктеуге бүкіл Қазақстан үміткерлері қатысты, өтінімдерін тапсырған адам саны шамамен 2000 жуықтады. «Таланттар пулының» қорытындысы бойынша кадрлық резервке 353 қатысушы қабылданды, соның ішінде Жамбыл облысы бойынша 23 адам өтті.
Қазіргі уақытта резервке қабылданған жұмыскерлердің Мемлекеттік корпорацияның бос лауазымдарына ауыстыруды қарастыру бойынша жұмыс жүргізілуде», — деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының HR және СМЖ дамыту басқармасының басшысы – А.Шаукеев.

«Таланттар пулына» тіркелген қатысушылардың толық тізімін talent.gov4c.kz веб-сайтынан көруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.