Қордай ауданында тәртіп сақшылары белсенді дауыс беруде.
Жалпыхалықтық референдум — Конституцияға енгізілетін өзгерістерге әр қазақстандықтың дауыс беруіне мүмкіндік береді. Бұл маңызды саяси шарада құқық қорғау органдары да белсенділік танытып жатыр. Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Алимхан Қарымсақов бастаған тәртіп сақшылары өз референдум учаскелерінде дауыстарын беруде. Жалпы аудан бойынша 147 тәртіп сақшысы 232 отбасы мүшелерімен референдумға қатысып, таңдауларын жасаған.